Мәжіліс сайлауын 793 шетелдік байқаушы қадағалайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс сайлауын 793 шетелдік байқаушы қадағалайды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықаралық байқау институты ашылғаннан бері 11 қаулы қабылданған болатын және осы жылдың 29 қаңтарында қабылданған қаулы негізінде аккредитация 2023 жылғы 13 наурызда астана уақытымен 18-00-де аяқталады. Осылайша, 41 шет мемлекет пен 12 халықарлық ұйымнан 793 байқаушы ресми тіркеуден өтті», - деді ол комиссия отырысында.

Осыдан кейін Орталық сайлау комиссиясы тиісті қаулы қабылдады.

«Осылайша, ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын байқау үшін 793 байқаушы тіркелді. 131 байқаушы 41 шет мемлекеттен және 662 байқаушы 12 халықаралық ұйымнан. Халықаралық байқаушылардың қатысуы науқанның ашықтығы мен жариялығына, мемлекет тарапынан халықаралық міндеттемелердің сақталуына ықпал ететіндігін тағы да атап өткім келеді», - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров өз кезегінде.


Соңғы жаңалықтар