19.03.2023 22:47 Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау күнінде 609 сәби дүниеге келді АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 19 наурызда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына сайлау күні елімізде 609 кішкентай қазақстандық дүниеге келді, оның ішінде 312 ұл, 297 қыз, бір егіз.
19.03.2023 22:35 Сайлау: Дауыс беру шетелдегі 44 учаскеде ғана жалғасуда АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының қорытынды статистикасы ертең ұсынылады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.03.2023 22:16 Сайлаушылар 54,19% қатысты – алдын ала қорытынды АСТАНА. ҚазАқпарат – Тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,19 пайызы бюллетень алды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.03.2023 21:16 Қырғызстандағы отандастарымыздың сайлауға қатысуы 39,6 пайызды құрады БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бішкекте Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасына сәйкес Қазақстанның Қырғызстандағы Елшілігінде ұйымдастырылған №264 сайлау учаскесінде жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.03.2023 21:00 Еліміздің барлық өңірінде дауыс беру аяқталды АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміздің барлық өңірінде Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлау өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.03.2023 20:44 Ресейдегі қазақстандықтар сайлауға белсенді қатысып жатыр МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Ресей аумағында жүрген отандастарымыз елшілікте ұйымдастырылған сайлау учаскелеріне келіп, белсенді түрде өз таңдауларын жасап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.03.2023 20:40 Шетелде білім алып, қызмет ететін қызылордалықтар дауыс берді ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда өңірінде сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Кешкі 18.00-дегі ақпаратқа сәйкес, сайлаушылардың 65,7 пайызы таңдау жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
19.03.2023 20:35 Сайлау туралы заңнаманы бұзудың 18 фактісі расталды – Бас прокуратура АСТАНА. ҚазАқпарат – Бас прокуратура өкілі Азамат Сарғазиннің айтуынша, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша, сайлау туралы заңнаманы бұзудың 18 фактісі расталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.03.2023 20:30 6,5 млн сайлаушы дауыс берді АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауда 6,5 млн азамат дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.03.2023 20:28 Полиция сайлау учаскесінен шығарғандардың саны 32-ге жетті АСТАНА. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Qazaqstan телеарнасы өткізіп жатқан онлайн телемарафонда полиция сайлау учаскесінен шығарғандардың саны 32-ге жеткенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.03.2023 20:25 Байқоңыр қаласында алтынқұрсақты ана балаларымен бірге сайлауға келді БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр қаласында тұратын 8 баланың анасы Жанат Жүгінісова жұбайы және балаларымен бірге сайлауға келіп, дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
19.03.2023 20:00 Сайлау: Еліміздің басым бөлігінде дауыс беру аяқталды АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның 15 өңірінде Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлау аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.03.2023 19:51 Атырауда бала кезінде концлагерь тұтқынында болған кейуана дауыс берді АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда бала кезінде концлагерь тұтқынында болған кейуана дауыс берді. Биыл 92 жасқа толатын Екатерина Абсатырова үш баласынан 2 немере, 1 шөбере сүйіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.03.2023 19:44 Ақтөбеде су тасқыны болған екі аудандағы ауылдарда дауыс беру мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбде облысындағы Қобда, Ойыл аудандарында дауыс беру мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Жүсіпов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.03.2023 19:36 Абай облысында соғыс ардагері сайлау учаскесіне өзі келіп, дауыс берді СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Елеусіз Қинбаев сайлауда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.03.2023 19:30 Кедергісіз сайлау: мүмкіндігі шектеулі алматылықтар үшін барлық жағдай жасалды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін қолжетімді орта қаланың барлық сайлау учаскелерінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.03.2023 19:26 Атырау облысында сайлауды ЕҚЫҰ-ның 14 өкілі бақылап жүр АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында сайлауды Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 14 өкілі бақылап жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.03.2023 19:19 Шетелде 5 мыңға жуық отандасымыз дауыс берді АСТАНА. ҚазАқпарат – Шет мемлекеттерде жүрген мыңға жуық Қазақстан азаматы дауыс берді. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.03.2023 19:17 Халықаралық байқаушы көппартиялық жүйенің артықшылығын атады АСТАНА. ҚазАқпарат – Көппартиялық жүйе елдің саяси өміріне енуі тиіс. Мұндай пікірді Литва Республикасының Сеймі төрағасының орынбасары Юлиус Сабатаускас білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.03.2023 18:51 Қазақстан Халық партиясының төрағасы сайлауда дауыс берді АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев ҚР Парламенті Мәжілісі мен өңірлік мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысты. Партия басшысы елордадағы М. Өтемісов атындағы оқушылар сарайында орналасқан № 137 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.