24.01.2023 15:26 Депутат санының қысқаруы, жаңа партиялар мен жаңа ережелер – Наурыз қарсаңындағы сайлау қалай өтеді АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023 жылдың 19 наурызында Мәжіліс және мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді. Онда 12 млн-ға жуық азамат дауыс беріп, өз таңдауын жасайды. ҚазАқпарат агенттігі алдағы сайлаудың ең басты жаңашылдықтарына шолу ұсынады.
23.01.2023 17:25 Мәжіліс сайлауы: ОСК сайлаушыларға үндеу жасады АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы 19 наурызда өтетін Мәжіліс депутаттарының сайлауына орай сайлаушыларға үндеу жасады. Үндеу мәтінін комиссия мүшесі Шавкат Өтемісов жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.01.2023 16:32 Алдағы Мәжіліс сайлауында 12 млн-ға жуық азамат дауыс береді АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс сайлауында 12 млн-ға жуық азамат таңдау жасайды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Конститантин Петров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.01.2023 15:00 2023 жылы Қазақстанда қандай саяси реформалар жүзеге асырылады АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр 1 қыркүйекте халыққа арнаған Жолдауында отыз жыл бойы орныққан саяси жүйені жаңғырту мақсатында бірқатар реформалар ұсынған болатын. Саяси реформалар бағдарламасында сайлау жүйесін жетілдіру, сайлау үдерісін жаңғырту, партия жүйесін дамыту мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері қарастырылған еді. Осылайша, 2023 жыл жаңа жүйе бойынша Сенат депутаттарын сайлаумен басталды. Нәтижесінде, әр өңірден 1 өкілден 20 сенатор сайланды. Сонымен қоса 19 қаңтарда Мемлекет басшысы жетінші сайланған Парламенттің Мәжілісін тарату туралы және мәслихат депутаттарының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлықтарға қол қойды. Осылайша, елімізде екі бірдей саяси науқан бір күнде – 19 наурызда өтеді. Қаржы министрлігінің мәлімдеуінше, биыл саяси реформаларға 1 трлн теңге жұмсалуы мүмкін.
23.01.2023 12:01 Халықаралық қауымдастық сайлаудың әділ өтуін қалайды - америкалық сарапшылар ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Елдегі демократиялық өзгерістерді үнемі бақылап отыратын америкалық сарапшылар Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
21.01.2023 20:31 Мәжіліс сайлауы: «Байтақ» партиясы мәлімдеме жариялады АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жетінші сайланған Парламент Мәжілісі таратылып, 19 наурызға кезектен тыс сайлау тағайындалды. Осы ретте «Байтақ» партиясы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
21.01.2023 18:17 Сайлау: Жалпыұлттық социал-демократиялық партия төралқасы мәлімдеме жасады АСТАНА. ҚазАқпарат – 19 наурызда өтетін Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауына орай, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төралқасы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат партия сайтына сілтеме жасап.
21.01.2023 16:15 «Ауыл» партиясының төрағасы Мәжіліс сайлауына байланысты мәлімдеме жасады АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған Парламент Мәжілісін таратып, 19 наурызға Палата депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады. Осыған байланысты «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат партия сайтына сілтеме жасап.
21.01.2023 13:11 Әділет министрлігі тағы екі партияны тіркеуді қарастырып жатыр АСТАНА. ҚазАқпарат – 8 ақпанға дейін тіркелген партиялар Мәділіс пен мәслихат сайлауына қатыса алады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
21.01.2023 12:46 Respublica партиясы мәслихат сайлауына қатыса алмайды АСТАНА. ҚазАқпарат – 19 наурызда өтетін мәслихат депутаттарын сайлауға Respublica партиясы қатыса алмайды және «Байтақ» жасылдар партяисының қатысуына шектеу бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
21.01.2023 12:17 Мәжіліс пен мәслихат сайлауына 7 партия қатысады АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауға қатыса алатын партиялар тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
21.01.2023 11:49 Мәжіліс депутаттығына үміткер 1 млн теңгеден астам сайлау жарнасын төлейді АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткерлер төлеуі тиіс жарнаны бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.01.2023 21:20 Бір мандаттық округтер бойынша сайлау елдегі саяси мәдениетті арттырудың маңызды факторы – ҚР ОСК АСТАНА. ҚазАқпарат - 2023 жылдың 20 қаңтарында Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау бойынша басталған сайлау науқаны аясында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
20.01.2023 19:46 Мәжіліс сайлауы: партиялар үндеу жариялады АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы 19 наурызға Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады. Алдағы саяси науқанға қатысты еліміздің бірнеше партиясы үндеу жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.01.2023 17:25 Саяси партиялардың тиімділігі: Қоғам өмірінде қандай бастамалар жүзеге асты АСТАНА. ҚазАқпарат – Сарапшылардың пайымынша, демократиялық қоғамды дамыту үшін азаматтардың саяси қатысуы өте маңызды. Кез келген қоғам азаматтарының саяси белсенділігін партиялардың қызмет нәтижесімен бағалауға болады. Өткен кезең ішінде ашық дереккөздер мен шолу материалдарына іліккен партиялар қызметін саралап шықтық. Сондай-ақ партиялық бастамаларды ілгерілетудің қаншалықты тиімді болғанын, олардың қайсысы қазақстандық қоғам өмірінде жүзеге асырылғанын байқадық. Назарымызға биліктің өкілетті органдарындағы партиялармен қатар жаңадан құрылған «Байтақ» партиясы да ілікті. Толығырақ ҚазАқпараттың сараптамалық шолу материалынан оқыңыздар.
20.01.2023 15:25 Ерлан Қарин алдағы сайлаудың он жаңалығын атап көрсетті АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин алдағы сайлаудың 10 жаңалығын атап көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл пікірін Мемлекеттік кеңесші телеграм каналында жариялады.
20.01.2023 14:53 20 жасқа толған адам мәслихат депутаттығына кандидат бола алады АСТАНА. ҚазАқпарат – Елдегі 223 мәслихаттың 3415 депутаты сайлауға түседі. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.01.2023 14:25 Мәжіліс пен мәслихат сайлауына үміткерлерді ұсыну бүгіннен басталды АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлаудың күнтізбелік жоспарын бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.01.2023 13:25 Мәжіліс пен мәслихат сайлауы: Қандай ұйымдар кандидаттар ұсына алады АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров Мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізудің негізгі кезеңдерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.01.2023 12:42 Мәжіліс пен мәслихат сайлауында 4-5 бюллетень болады АСТАНА. ҚазАқпарат – 19 наурызда өтетін Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында сайлаушылар 4 немесе 5 бюллетенде дауыс береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.