15.03.2023 11:50 Қазақстан сайлауды заң мен халықаралық стандарттарға сәйкес өткізеді - СІМ АСТАНА. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының алдағы сайлауы – Қазақстан үшін маңызды оқиға және еліміздің қазіргі тарихындағы ең трансформациялық кезеңдердің бірі. Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко елімізде аккредиттелген шетелдік дипломатиялық корпус өкілдерімен кезектен тыс сайлауға дайындық мәселелері бойынша кездесу барысында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14.03.2023 20:56 «Аманат» партиясының кандидаттары үгіт-насихат жұмыстарын қызу жүргізуде АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Республикалық сайлауалды штабының мүшесі Ардан Сұлтанұлымен бірге Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Тимур Әбдікәрімов, Нұрбол Оқуов, Жанболат Тангиев, Дмитрий Донских, Анар Шамшадинова және қалалық мәслихат депутаттығына бірмандатты үміткер Айда Ертілеуова «ҚазАзот» АҚ ұжымымен кездесті.
14.03.2023 18:08 ОСК кейбір кандидаттарды тіркеуден бас тартуға қатысты түсінік берді АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров үміткерлерді кандидаттыққа тіркеуден бас тарту немесе тіркеуден шығаруға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14.03.2023 12:06 Марат Ахметжанов сайлау күні қоғамдық тәртіп қалай қамтамасыз етілетінін айтты АСТАНА. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне 19 наурыздағы сайлау күні қоғамдық тәртіп қалай қамтамасыз етілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.03.2023 22:06 Денсаулық министрлігі сайлау күніндегі сақтық шараларын атады АСТАНА. ҚазАқпарат –Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты 19 наурыз – сайлау күнінде бірқатар сақтық іс-шарасын ұстануға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.03.2023 21:20 Сайлау күнінде маска кию ұсынылады АСТАНА. ҚазАқпарат – 19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде дауыс берушілерге масқа кию ұсынылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.03.2023 21:03 Мәжіліс сайлауы: Сауалнама нәтижелерін жариялауға тыйым салынады АСТАНА. ҚазАқпарат – Ертеңнен бастап 19 наурызда өтетін Мәжіліс сайлауына орай қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялауға тыйым салынады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.03.2023 20:16 Мәжіліс сайлауы: ОСК 27 ұйымды ұлттық байқаушы ретінде тіркеуден бас тартты АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы алдағы Мәжіліс сайлауына 27 ұйымды ұлттық байқаушы ретінде тіркеуден бас тартты. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.03.2023 20:03 Сайлау: 10 қоғамдық бірлестік республиканың барлық аумағында байқау жүргізеді АСТАНА. ҚазАқпарат – 19 наурызда өтетін Мәжіліс сайлауында 10 қоғамдық бірлестік республиканың барлық аумағында байқау жүргізеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.03.2023 19:26 Мәжіліс сайлауында алғаш рет ұлттық байқаушылар аккредиттелді АСТАНА. ҚазАқпарат – Наурыздың 19 күні өтетін кезектен тыс Мәжіліс депутаттарын сайлауда алғаш рет ұлттық байқаушылар аккредиттелді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.03.2023 18:51 Мәжіліс сайлауын 793 шетелдік байқаушы қадағалайды АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс сайлауын 793 шетелдік байқаушы қадағалайды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.03.2023 18:43 Сайлау: Шетелдік байқаушыларды тіркеу аяқталды АСТАНА. ҚазАқпарат – 19 наурыз күні өтетін Мәжіліс депутаттарын сайлауға шетелдік байқаушыларды тіркеу аяқталды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.03.2023 18:29 Сайлау: ОСК 473 шетелдік байқаушыны тіркеді АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс сайлауын тағы 473 шетелдік байқаушы қадағалайтын болды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.03.2023 15:31 Тоқаев: Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы – билік институттарын жаңарту жұмысының қорытынды кезеңі АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы – билік институттарын жаңарту жұмысының қорытынды кезеңі. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
11.03.2023 12:39 Сайлау-2023: Саяси науқан туралы сарапшылар пікірі АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттардың депутаттарына сайлау аясында кандидаттардың үгіт-насихатының үшінші аптасы аяқталып келеді. Сайлау алдындағы үгіт-насихат 18 ақпан сағат 18:00-де басталды. Аталған науқан 18 наурыз сағат 00:00-ге дейін жалғасады. 18 наурыз – тыныштық күні, ал 19 наурыз – сайлау өтеді. Сарапшылардың пікірінше, қазіргі сайлау додасы саяси бәсекелестік аясында өтіп жатыр. Осы орайда бірнеше сарапшының пікірін көпшілік назарына ұсынуды жөн көрдік.
11.03.2023 11:33 Сайлау алдындағы үгіт-насихат: 7 партия қай салаларға басымдық беріп отыр АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде сайлау алдындағы үгіт-насихат 18 ақпаннан бері жалғасып келеді, яғни үш апта қатарынан тіркелген партия өкілдері ел халқына өздерінің бағдарламасын таныстырып жатыр. Осыған дейін Парламент Мәжілісі депутаттығына сайлауға түсіп жатқан кандидаттар 1 наурызда «Qazaqstan» Ұлттық арнасының тікелей эфирінде пікірсайысқа түскен еді. Мұндай кезекті пікірсайыс 10 наурызда 7 саяси партия өкілдерінің қатысуымен КТК телеарнасының тікелей эфирінде өтті. Оған «Amanat» партиясынан Айдос Сарым, «Ауыл» халықтық демократиялық партиясынан Жигули Дайрабаев, «Respublica» партиясынан Динара Шүкіжанова, Қазақстан халық партиясынан Ермұхамет Ертісбаев, «Байтақ» жасылдар партиясынан Айнұр Сәбитова, «Ақ жол» демократиялық партиясынан Дәния Еспаева, ал Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Асхат Рахымжанов қатысты.
10.03.2023 22:31 Әділетті Қазақстанның мүддесі үшін күресіп жатырмыз – Байтақ партиясы АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада елімізде тіркелген партиялардың өкілдері арасында пікірсайыс өтті. Осы орайда «Байтақ» жасылдар партиясынан қатысқан Айнұр Сәбитова сайлауда жеңіске жеткен жағдайда партияның жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.03.2023 22:25 Шетелдік жер қойнауын пайдаланушылармен келісімшартты қайта қарауды талап етеміз – Дания Еспаева АСТАНА. ҚазАқпарат – Біз кедейлікті азайту, байлар мен кедейлер арасындағы алшақтықты жою, экономиканы монополиядан шығару міндетін қойып отырмыз. Бұл туралы «Ақ жол» демократиялық партиясы ұлттық кеңесінің мүшесі Дания Еспаева сайлау алдындағы партиялар дебатында осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.03.2023 22:20 Өткен шақырылымдағы партиялар өздерінің кәсіби жарамсыздығын көрсетті - ЖСДП төрағасы АСТАНА. ҚазАқпарат – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рахымжанов сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарына тоқталып, жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.03.2023 22:12 Халық нақты өзгерістерді күтіп отыр – Ермұхамет Ертісбаев АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан халық партиясының төрағасы Ермұхамед Ертісбаев барша қазақстандықтарды алдағы сайлауға белсенді қатысуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.