Мәжіліс сайлауы: Сауалнама нәтижелерін жариялауға тыйым салынады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ертеңнен бастап 19 наурызда өтетін Мәжіліс сайлауына орай қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялауға тыйым салынады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комиссия отырысы барысында төраға 19 наурызда өтетін Мәжіліс сайлауында 10 қоғамдық бірлестік республиканың барлық аумағында байқау жүргізетіндігін еске салып өтті.

«Сондай-ақ «Сайлау туралы» Конституциялық заңның нормаларына сәйкес, қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамдарын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулерді жариялауға дауыс беру күніне дейін 5 күн ішінде және дауыс беру күні интернет желісінде кандидатты жақтап не қарсы дауыс беруге жол берілмейтіндігіне назар аудартқым келеді. Осылайша, бүгін, яғни 13 наурыз сауал салу нәтижелерін жариялаудың соңғы күні. Ертеңнен бастап сауал салу туралы ақпаратты жариялауға, сондай-ақ қайта басып шығаруға тыйым салынады», - деді Нұрлан Әбдіров.


Соңғы жаңалықтар