Мәжіліс сайлауы: 51 елде 66 сайлау учаскесі құрылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауға орай әлемнің елінде 66 сайлау учаскесі құрылды. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанынан әлемнің 51 елінде 66 сайлау учаскесі құрылды. Бұл тізімдерге тиісті шет мемлекетте тұратын немесе ұзақ мерзімді шетелдік іс-сапарда жүрген және республика азаматының жарамды төлқұжаты бар барлық азаматтар енгізіледі», - деді Константин Петров ОСК отырысында.

Оның айтуынша, шет мемлекеттерге жеке шақырумен, жұмыс, іскерлік, туристік сапармен барған Қазақстан азаматтары жарамды төлқұжатымен сайлау комиссиясына жүгінген кезде сайлаушылар тізіміне қосылатын болады.

«Тізім аталған өкілдіктердің басшылары ұсынған мәліметтер негізінде түзіледі. дауыс беру күнінің алдындағы жағдайға сәйкес, тізім міндетті түрде нақтылауға жатады. Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары жерде орналасқан сайлау комиссияларына шетелде жүрген азаматтарды тізімге қосу жұмысына көмек көрсетуі тиіс», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар