+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Мәжіліс салыққа қатысты заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

2013 жылғы 23 қазан 10:43
Бөлісіңіз:

АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат -Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Аталған заң жобасы жаңа бюджет саясаты тұжырымдамасын және Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңестің шешімдерін іске асыру мақсатында әзірленген.

Заң жобасы бойынша халықтың әлеуметтік зиянды тауарлар ынтасын төмендету мақсатында темекі және алкоголь өнімдеріне акциздер мөлшерлемесін арттыру көзделеді. Бұл ретте алкоголь өнімдері бойынша ставканы арттыру тек күшті алкоголь ішімдіктеріне қатысты болады. Алкоголі аз өнімдер мөлшерлемесін келер жылы қарау жоспарланып отыр. Тоқтала кететін жайт, заң жобасын Мәжілісте талқылау барысында «Нұр Отан» партиясының фракциясы жеке тұлғалардың мүлкі мен көлік құралдарына салықтың мөлшерлемелерін өзгерту бойынша ұсыныстар енгізген болатын. Аталған ұсыныстар тұжырымдамалы түрде қолдау тапты.

Еске сала кетейік, «Нұр Отан» фракциясының депутаттары ұсынған өзгерістер ең алдымен, қозғалтқыш көлемі 4 мың текше см-ден асатын көліктерге қатысты. Атап айтқанда, көлікке салынатын салық түріне қатысты - қозғалтқыш көлемі 4 мыңнан, 5 мың текше см-ге дейінгі көліктер үшін салық мөлшерін 130 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін, ал, көлемі 5 мың текше см-ден асатын көліктер үшін салық мөлшерін - 200 АЕК дейін өсіруді және қарапайым азаматтарымыздың мүддесіне нұқсан келтірмес үшін жаңа салықтық мөлшерлемелерді 2014 жылдың, 1-ші қаңтарынан бастап сатылып алынатын көліктерге қолдану көзделеді. Яғни, ертеректе сатылып алынған көліктер үшін бұрынғы салық көлемін қалдыру қарастырылады. Жылжымайтын мүлікке байланысты салық бойынша жоғарылатылатын коэффициент жойылып, баспана құнына қатысты неғұрлым әділ тәсілге алмастыру жоспарланған. Бұл салық салу кезінде, әсіресе, құны жоғары баспаналар үшін неғұрлым негізді болмақ.

Екі оқылым бойынша мақұлданған заң жобасы Парламент Сенатына жолданады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT