Мәжіліс салық салуға қатысты өзгерістерді екі оқылым бойынша мақұлдады

None
None
анның 14-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екі оқылым бойынша мақұлдады.

 

Мемлекет басшысы жедел басымдықпен қарауды тапсырған осы құжат енді Парламент Сенатына жіберіледі,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, заң жобасы мемлекеттің қаржыға деген қажеттілігін қамтамасыз ету және салық салу қағидаттарын одан әрі жүзеге асыру мақсатында әзірленді. Сондай-ақ құжатта 2010-2012 жылдары бойынша корпоративтік табыс салығын және пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салықты 2009 жылғы деңгейде қалдыру көзделіп отыр. Осыған орай, министр жобаны екі топтамаға бөліп қарастырады. Оның біріншісі - салық салу ставкалары мен салық салу шарттарын өзгерту болса, екіншіден - тәжірибеде қолдануға байланысты жекелеген ережелерді нақтылауға бағытталған өзгерістер қамтылады.

 «Жаңа Салық кодексiн әзірлеу кезінде шикізат секторына түсетін салық жүктемесін 2009 жылдан бастап ұлғайтып, кейіннен оны сақтау көзделген. Дегенмен, салық жүктемесінің деңгейі жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын корпоративтік табыс салығы мен пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкаларымен реттеледі. Яғни корпоративтік табыс салығы төмендеген жағдайда, пайдалы қазбаларды өндіру салығы ұлғаяды.  Бұдан басқа, салық төлеушілерге қолайлы жағдай жасау үшін көптеген жеңілдіктер ұсынылып отыр. Мәселен, жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу уақыты желтоқсан айының 31-не дейін ұзартылады. Зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдер бойынша салық есебін беру уақытын созу мүмкіндігі беріледі, бұрын мұндай мүмкіндік салықтар бойынша ғана берілген болатын», деді  министр Б. Сұлтанов.

 Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар