Мәжіліс республикалық бюджет жобасына Сенат енгізген түзетулерді мақұлдады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына Сенат енгізген түзетулер мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл құжатқа Сенат жалпы сомасы 71,8 млрд теңге болатын 57 түзету енгізді. Оның ішінде 2023 жылы 30 млрд теңге, 2024 жылы 29 млрд теңге, 2025 жылы 12,8 млрд теңге көзделген. Аталған шығындар автомобиль жолдарын дамытуға, халықты ауызсумен, табиғи газбен қамтамасыз етуге және өңірлерді қолдауға бағытталмақ. Сенат енгізген түзетулер репсубликалыө бюджет жобасының теңгерімділік өлшемшарттарына қайшы емес және Қазақстан экономкиасын әрі қарай дамытып, мемлекет басшысы қойған тапсырмаларды іске асыруға бағытталған», - деді Анатолий Бойчин.

Палата депутаттары аталған түзетулерді мақұлдау жөнінде қаулы қабылдады.

Еске салсақ, 7 қарашада 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы Сенат қарауына енгізілген болатын.


Соңғы жаңалықтар