+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Мәжіліс республикалық бюджет бойынша түзетулерді мақұлдады

2016 жылғы 23 қараша 14:29
Бөлісіңіз:
Мәжіліс республикалық бюджет бойынша түзетулерді мақұлдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына Сенаттың түзетулерін мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ағымдағы жылғы 17 қарашада «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында қаралды. Сенат 27 түзету енгізді. 13 түзету Үкімет резервінің қаражатын қысқарту есебінен 2017 жылға арналған республикалық бюджеттің шығыс бөлігін жалпы сомасы 26 млрд. теңгеге қайта бөлуді көздеп отыр», - деді заң жобасы бойынша баяндама жасаған депутат Омархан Өксікбаев.

Оның сөзіне қарағанда, осы қаржы сумен және газбен жабдықтау нысандарын салу, жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарын күрделі жөндеу, тұрғын үй құрылысына арналған инфрақұрылымды тарту, сондай-ақ басқа да бағыттарға негізделген.

«Сенат енгізген өзгертулер 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджеттің негізгі өлшемдерін өзгертпейді», - деді депутат.

Бұдан бұрын хабарланғандай, өткен аптада Сенаттың жалпы отырысында палата депутаттары «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын талқылады. Осы орайда құжатқа бірқатар түзетулер жасалғандықтан, заң жобалары Мәжіліске қайтарылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT