+7 (701) 759 90 19
USD 432.94 EUR 513.68
RUB 5.62 CNY 66.1
Jańalyqtar

Мәжіліс Президент Жолдауын іске асыру бойынша заң жобаларын қарайды

2020 жылғы 16 қараша 12:24
Бөлісіңіз:
Мәжіліс Президент Жолдауын іске асыру бойынша заң жобаларын қарайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Тұқым субсидиясына қосымша 4,6 млрд теңге бөлінуі мүмкін Депутат жетім балаларды баспанамен қамтамасыз етудегі проблеманы көтерді Ерлан Қарин Мәжілісте жерге қатысты заң жобасының мақұлдануы туралы пікір білдірді

Мәжіліс бірінші оқылымда «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңға өзгерістер енгізу және Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыруға қатысты заң жобасын талқыламақ.

Сонымен қатар, Палата бірінші оқылымда туристік қызмет, нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша түзетулер және адвокаттық қызмет пен заң көмегіне қатысты депутаттық заң жобаларын қарайтын болады.

Алдағы жалпы отырыста орталық және жергілікті мемлекеттік органдар арасында ауызсумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша депутаттық заң жобасы бірінші оқылымда қаралады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, депутаттардың қарауына дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша заң жобасы да ұсынылды.


Бюроның күн тәртібінің жобасында Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда бірқатар экологиялық заң жобаларын қарайды. Олар Экологиялық кодекспен оған ілеспе заң жобалары.

Екінші оқылымда қаралатындар қатарында қоғамдық кеңестердің қызметі туралы және депутаттар әзірлеген күзет қызметі мәселелері заң жобалары, сондай-ақ, адамдарды Қазақстан шегінен тыс жерге шығарып жіберуге және бюджет заңнамасын жетілдіруге қатысты заң жобалары бар.

Сонымен бірге алдағы жалпы отырыста Палата дипломатиялық қызмет туралы заң жобасын жұмысқа алмақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT