Мәжіліс Премьер-Министрдің орынбасары - Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кандидатурасын келісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысы өтіп, онда Премьер-Министрдің орынбасары - Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі  министрі қызметіне тағайындау жөніндегі кандидатура келісілді.  

Бұл мәселе Комитет отырысында «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1 бабына сәйкес қаралды. 

Отырыста Премьер-Министр Кеңсесі жетекшісінің орынбасары Талғат Сәрсенбаев баяндама жасады.  

Мәжілісмендер алдында Т.Сәрсенбаев еліміздің Премьер-Министрі депутаттар қарауына Асқар Қуанышұлы Жұмағалиевтің кандидатурасын Премьер-Министрдің орынбасары-Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі  министрі қызметіне келісу үшін енгізгенін хабарлады. 

Мәжіліс Комитетінің мүшелері А. Жұмағалиевке бірқатар сұрақтар қойып, талқылаудан кейін тиісті қорытынды қабылдады. Ол Құжатта «Қазақстан Республикасының Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1 бабына сәйкес, еліміздің Премьер - Министрі ұсынған Асқар Қуанышұлы Жұмағалиевтің кандидатурасын Премьер-Министрдің орынбасары - Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі  министрі қызметіне тағайындау үшін аталған кандитатуран ұсынуға болады деп есептейді», - делінген.   

Жиын соңында депутаттар кандидаттың алдағы жұмысына табыс тіледі.

 

Соңғы жаңалықтар