Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауға қанша қаражат жұмсалады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қарастыру барысында Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары сайлауын өткізуге 33,4 млрд теңге қарастырылған. Бұл жайында Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлауларды өткізуге бөлінген қаражат туралы бұған дейінгі ақпаратқа қосымша мынаны хабарлаймыз. Республика Конституциясына енізілген өзгерістерге сәйкес, Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйгектегі Жолдауында 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың кезектен тыс сайлауын өткізуді тапсырды», - деп атап өтеді министрліктен.

Ведомствоның нақтылай түсуінше, 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қарастыру барысында Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары сайлауын өткізуге 33,4 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражат 2023 жылға бөлініп отыр.

«Аталған шығыс сайлаудың аралас жаңа жүйесін енгізуді ескере отырып есептелінген: партиялық тізім бойынша саяси партиядан, бір мандатты аумақтық сайлау округінен», - деп түсіндіреді Қаржы министрлігінен.


Соңғы жаңалықтар