+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Мәжіліс пен мәслихаттағы партиялық тізімге енетін үміткерлер қалай таңдалады - Nur Otan

2020 жылғы 7 қазан 17:52
Бөлісіңіз:
Мәжіліс пен мәслихаттағы партиялық тізімге енетін үміткерлер қалай таңдалады - Nur Otan

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Мәжіліс пен мәслихаттағы партиялық тізім қалай жасалатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті достар! Өткен аптада «Nur Otan»-ның партияішілік сайлауының бірінші кезеңі аяқталып, рейтингтік дауыс беру қорытындысы жарияланды. Оған «Праймериз» ақпараттық жүйесінде тіркелген партия мүшелерінің 662 687-сі немесе 84,2%-і қатысты. Өздеріңізге мәлім, Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша кемінде 30% әйелдер мен 20% - 35 жасқа дейінгі жастарға берілген квота ескеріліп, Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға арналған сайлауалды партиялық тізімдер жасалады. Сондықтан бүгін Primaries.kz порталында қатысушылардың жалпы рейтингтерімен бірге, әйелдер мен жастар арасынан түскен кандидаттардың рейтингтері де жарияланды» деп жазды Бауыржан Байбек Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, партияішілік іріктеудің екінші деңгейінде аудандық және қалалық конференциялар өткізіліп, онда тиісті мәслихаттар сайлауына арналған партиялық тізімдер бекітіледі.

Сондай-ақ, осы конференцияларда сайлаушы-делегаттар жасырын рейтингтік дауыс беру жолымен жоғары деңгейдегі өңірлік мәслихаттар мен Мәжіліске арналған партиялық тізімдерге қосу үшін үміткерлерді сайлайды.

Кандидаттар алдағы пікірсайыстарда тағы да бағын сынайды. Республикалық маңызы бар қалаларды қоспағанда Мәжіліске үміткерлер екі рет – аудандық және облыстық конференцияларда пікірсайысқа түседі.

«Праймериз ережесіне сәйкес Парламенттің төменгі палатасындағы «Nur Otan» партиясының қызметтегі депутаттары облыстық партиялық конференцияларда үшінші деңгейдегі партияішілік іріктеуге қатыса алады. Облыстық мәслихаттарға партиялық тізімдер тиісті конференцияларда, ал Мәжіліске арналған қорытынды тізім – «Nur Otan» Съезінде бекітіледі. Ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету үшін праймериздің барлық кезеңі партияның сайтында, сондай-ақ БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланады» дейді партия басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT