+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Мәжіліс пен мәслихат сайлауы онлайн өте ме - ОСК жауабы

2020 жылғы 22 қазан 16:12
Бөлісіңіз:
Мәжіліс пен мәслихат сайлауы онлайн өте ме - ОСК жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау онлайн режимде өтпейді. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сайлау учаскеңізді қалай білуге болады Жасарған жаңа буын: Nur Otan атынан Мәжіліске ұсынылған депутаттар жайлы не білеміз

«Сайлау процесі «Сайлау туралы« заңмен реттеледі және заңнамамызда онлайн-дауыс беру мәселесі қарастырылмаған. Бұл сайлауды да әдеттегі жүйемен, қағаз бюллетеньмен өткіземіз. Яғни, сайлаушыларымыз үшін бұл тұрғыда ешқандай жаңашылдық жоқ», - деді Берік Имашев Орталық сайлау комссиясында өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Айта кетейік, кеше ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина 2021 жылдың қаңтарында Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауын өткізуге шығыстардың болжамды сметасы 15,3 млрд теңгені құрайтынын мәлім еткен болатын. Ал егер екі сайлау біріктірілмей, бөлек өткізілсе, шығын 25 млрд теңгені құрайтын еді.

21 қазанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT