+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Мәжіліс отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

2020 жылғы 23 қыркүйек 11:14
Бөлісіңіз:
Мәжіліс отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұрлан Нығматулин: бюджетте пандемия кезінде азаматтарды қолдау жағдайы ескерілді Мәжіліс 2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы құжатты мақұлдады 2021 жылы Ұлттық қордан 1 трлн теңге мөлшерінде нысаналы трансферт тартылмақ

Заң жобасы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясаттың құқықтық, әлеуметтік, институционалдық және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіру мақсатында әзірленді.

Заң жобасы арқылы: отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың құқықтық тетіктерін ретке келтіру; ұғымдық аппаратты кеңейту; құқық бұзушылардың зорлық-зомбылық және агрессиялық мінез-құлқын өзгерту үшін психологиялық жағынан түзету бағдарламасынан өту арқылы құқық бұзушыларды қайта әлеуметтендіру жөнінде шаралар енгізу; құқық бұзушыларға қатысты қорғау нұсқамасын шығару кезінде полицияның оларды бақылау жөніндегі құзыретін күшейте отырып, уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреттерін нақтылау ескерілген.

Сонымен қатар, құжатта зардап шеккендердің құқықтары мен қауіпсіздік кепілдіктерін бекіту, осы саладағы заңнаманың сақталуын қоғамдық бақылау мәселелерін реттеу, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ақпаратты, статистикалық деректерді жинауды, өңдеуді және талдауды көздейтін статистикалық мониторинг енгізу, зардап шеккендердің қорғалуға, әлеуметтік көмекке және басқаларға құқықтарын бекіту ұсынылады.

Заң жобасымен жұмыс істеу барысында депутаттар құжаттың жекелеген нормаларын нақтылайтын және мазмұнын жақсартатын түзетулер енгізді.

Жұмыс тобының 13 отырысы және Комитеттің кеңейтілген отырысы өткізілді. Жұмыс тобы аясында 2020 жылғы 16 сәуірде заң жобасының таныстырылымы болды. Заң жобасы бойынша салыстырмалы кестеге шамамен 200 түзету келіп түсті, олардың ішінде 126 түзету қабылданды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT