Мәжіліс оқ-дәрі қоймаларына қатысты заң жобасын мақұлдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заң жобасының негізгі мақсаты - Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың оқ-дәрілері арсеналдарының, базалары мен қоймаларының қауіпсіз жұмыс істеуін, сондай-ақ оқ-дәрілерді сақтау кезінде төтенше жағдайдың туындауы мүмкін болған кезде халықты, азаматтық және басқа да инфрақұрылымды қорғауды қамтамасыз ету бойынша заңнаманы одан әрі жетілдіру.

Заң жобасының негізгі нормалары:

- арсеналдардың, базалар мен қоймалардың аумақтарын, сондай-ақ белгіленген тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар шегінде іргелес жатқан аумақтарды ерекше жер пайдалану шарттары бар аймақтарға жатқызуға;

- оқ-дәрілер арсеналдарын, базалары мен қоймаларын пайдаланумен байланысты емес ғимараттар мен құрылыс жайлар салғаны, шаруашылық және өзге де қызметті жүргізгені үшін әкімшілік жауаптылық белгілеуге;

- қала құрылысы талаптарына тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандардың аумақтарында белгіленген тыйым салуларды сақтауды енгізуге;

- Қазақстан Республикасының Үкіметіне тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларын және олардың тізбесін бекіту жөніндегі өкілеттіктерді беруге бағытталған.


Соңғы жаңалықтар