Мәжіліс Моңғолия азаматтарының құқықтарын қорғауға бағытталған құжатты мақұлдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «1993 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара көмек туралы Шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1993 жылғы 22 қазандағы Қазақстан мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара көмек туралы Шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама 2019 жылы 10 қазанда Нұр-Сұлтанда жасалды.

Құжат Қазақстанның Моңғолиямен құқықтық ынтымақтастығын одан әрі дамытуға бағытталған.

«Хаттама Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының функцияларын нақтылауды көздейді. Бұл екі мемлекеттің жеке және заңды тұлғаларына өздерінің жеке әрі мүліктік құқықтарын қорғау үшін соттарға, сондай-ақ басқа да құзыретті органдарға тікелей жүгінуді оңайлатады», - деді ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев.

Хаттаманы іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдар мыналар: Қазақстан Республикасы үшін – Жоғарғы сот, Бас прокуратура және Әділет министрлігі;

Моңғолия үшін – Әділет және ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура және Жоғарғы сот.

«Сонымен қатар Хаттамамен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетудегі құзыретін белгілейтін Шарттың 27-бабын алып тастау көзделеді.

Себебі бұл мәселелер алдағы уақытта Бас прокуратураның құзыретіне жатады. Хаттаманы ратификациялау Қазақстан мен Моңғолия азаматтарының құқықтарын қорғауға бағытталған азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететін болады», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар