Мәжіліс қылмыстық әрекеттен түскен табыстарды жылыстатуға қарсы заң жобасын мақұлдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн Мәжiлiстің жалпы отырысында палата депутаттары «Қылмыстық әрекеттен түскен табыстарды жылыстату, анықтау, алып қою және тәркiлеу туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерiс енгiзу туралы» заң жобасын мақұлдады.

Тоқтала кететін жайт, Қылмыстық әрекеттен түскен табыстарды жылыстату, анықтау, алып қою және тәркiлеу туралы конвенция 1990 жылдың 8 қарашасында Страсбургте жасалған болса, Қазақстан оған 2011 жылдың 2 мамырында қосылды. Бұған қосылу құқық қорғау органдарына қылмыстық әрекеттен түскен табыстарды анықтау, алып қою және тәркiлеу саласында қатысушы мемлекеттердiң құзыреттi органдарымен ынтымақтастықты жүзеге асыруына мүмкiндiк бередi.

Ал ол өз кезегінде күмәндi мәмiлелер мен төлемдерді бақылау үшiн қосымша мүмкiндiктер жасайтын болады. Қаржы ағындарының ашықтығын қамтамасыз етіліп, сыбайлас жемқорлыққа және экономикалық қылмыстарға қарсы күрестiң тиiмдiлiгiн арттырады, сондай-ақ көлеңкелi экономика деңгейiн қысқартады.

Соңғы жаңалықтар