Мәжіліс квазимемлекеттік сектордағы сатып алу туралы заң жобасын Сенатқа жіберді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құжатты Мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Абилфас Хамедов таныстырды.

Депутат аталмыш құжат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары аясында әзірленгенін атап өтті.

«Заң жобасы 2021 жылдың 17 наурызында бірінші оқылымда мақұлданған болатын. Екінші оқылымға дайындау кезінде алғашқы оқылымда депутаттар қосқан түзетулер ескерілді. Заң жобасының күші жүрмейтін оқиғалардың түбегейлі тізімі жасалды. Квазимемлекеттік сектор нысандарындағы мемлекеттік сатып алуларға шағым түсірген өтініш берушілерге жауап берудің нақты мерзімі қайта қаралды. Тапсырыс берушінің әлеуетті жеткізушіден конкурс құжатын өткізіп, ашқаннан кейін қосымша құжаттар талап етуіне тыйым салу, «сатып ауларды ұйымдастырушы» дейтін ұғым енгізу, сатып алулардың сенімсіз қатысушыларының тізімін қалыптастыру, уәкілетті органды квазимемлекеттік сектордың жекелеген нысандарындағы сатып алулар кезінде елдегі барлық заңнаманың сақталуын қадағалаушы ретінде бекіту туралы ұсыныстар қайта қаралды», - деді депутат.

Абилфас Хамедов құжатта жеткізушілердің мүддесін қорғау үшін орындалған келісімшарттар бойынша жеткізу ақысын 30 жұмыс күнінің ішінде толық төлеу керек деген мерзімді бекітілгенін атап өтті.

«Сондай-ақ, әлеуетті жеткізушілерді ережелермен сатып алуға қатысудн шектеудің жолын кесілді. Мұның бәрі заң деңгейінде алдын ала ойластырылды.

Бұл заң жобасы бойынша жұмыс тобы 15 отырыс өткізді. Депутаттар енгізгі 155 түзетубарлық мүдделі органдар мен ұйымдардың қатысуымен жан-жақты талқыланды», - деді комитет мүшесі.

Заң жобасын дауысқа салған депуттар құжатты екінші оқылымда тұтастай мақұлдап, Сенатқа жіберу туралы шешім қабылдады.


Соңғы жаңалықтар