Мәжіліс көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдау туралы құжатпен жұмысты бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аталған заң жобасына Мәжіліс және Сенат депутаттары бастамашы болды. Заң жобасы Мемлекет басшысының Қазақстан азаматтарын ұрыс-қимыл аймақтарынан қайтару, сондай-ақ көпбалалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету жөнінде шаралар қабылдау туралы тапсырмаларын орындау аясында әзірленді. Заң жобасында сегіз және одан да көп балалары бар отбасыларға әр балаға шаққанда 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жәрдемақы тағайындау ұсынылып отыр», - деді Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова.

Оның сөзіне қарағанда, құжатта білім мен ғылым саласындағы өкілетті органға терроризм өршіп тұрған аймақтардан келген адамдарды, отбасыларды әлеуметтік оңалту мен радикалды көзқарастан арылту мәселелері жөніндегі құзыретті бекітіп беру көзделеді.

«Заң жобасымен 4 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық әрі құқықтық салдарға әкеп соқпайды. Комитет заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша 2020 жылғы 24 маусымға дейін мерзімде қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Г. Әбдіқалықова.


Соңғы жаңалықтар