Мәжіліс комитеттерінің төрағасы мен 2 хатшысы оппозиция депутаттары арасынан сайланады

None
None
НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің бір төрағасы мен екі хатшысы парламенттік оппозиция депутаттары арасынан сайланады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау туралы үндеуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Енді Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің бір төрағасы мен екі хатшысы парламенттік оппозиция депутаттары арасынан сайланады.

Сонымен қатар, парламенттік оппозиция бір сессия кезінде кемінде бір рет парламенттік тыңдау өткізу жөнінде бастама көтеру құқығын иеленеді. Сондай-ақ бір сессия кезінде кемінде екі рет үкімет сағатының күн тәртібін айқындайтын болады», - делінген Президент үндеуінде.


Соңғы жаңалықтар