Мәжіліс комитеттерінің саны мен атаулары өзгеріссіз қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісінің комитеттері саны мен атаулары өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова Мәжіліс комитеттерінің саны мен атауларын VII шақырылымдағы қалпымен қалдыруды ұсынды. Дауыс беруге қатысқан 97 депутаттың 96-сы ұсынысты жақтады.

Осылайша Мәжіліс комитеттерінің саны мен атауы мынандай құрамда қалатын болды:

1. Аграрлық мәселелер комитеті

2. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті

3. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

4. Әлеуметтік-мәдени даму комитеті

5. Қаржы және бюджет комитеті

6. Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті

7. Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті


Соңғы жаңалықтар