Мәжіліс комитеті 2010-2012 жылдарға арналған бюджет жобасына қарашаның 3-іне дейін қорытынды әзірлейді

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -  ҚР Парламенті Мәжілісі Қаржы және бюджет комитеті  «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына қарашаның 3-іне дейін қорытынды шығаратын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджеттің негізгі өлшемдері Үкіметте талқыланып, бюджеттің негізгі параметрлері  Мемлекет басшысына ұсынылған болатын. Бюджет жобасында Елбасының азаматтарды әлеуметтік қорғау, «Жол картасын» жүзеге асыру, дағдарысқа қарсы шаралар және перспективалы инфрақұрылымдық жобалар бойынша тапсырмалары ескерілген. «Бұл бюджет - дағдарыс кезеңіндегі бюджет. Сондықтан да Мемлекет басшысының тапсырмаларында жүктелген әлеуметтік жобалардан басқа біршама қысқартулардың орын алуы заңды», деді Г. Қарағұсова журналистерге берген сұхбатында.

Сонымен бірге, қарашаның 3-інде Комитет бюджет жобасының ілеспе құжаты  болып табылатын «ҚР Ұлттық қорынан 2010-2012 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» жобасы бойынша да қорытынды әзірлейді.

Соңғы жаңалықтар