Мәжіліс Кеден одағы аясында кеден органдарының қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек жөніндегі келісімді мақұлдады

None
None
ТАНА. 2 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының қылмыстық істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша құқықтық көмегі және өзара іс-қимыл туралы» заң жобасын мақұлдады.

Аталған келісім 2010 жылғы 5 шілдеде Астана қаласында жасалған.

Бұл ретте келісім құқық бұзушылықтарды тергеуде бір-біріне барынша кең көлемде жәрдем көрсету және қылмыстық істер мен әкімшілік құқық бұзушылық істерді тергеу кезіндегі ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру мақсатын қамтиды. Сондай-ақ, құжат бойынша аталған салада ақпарат алмасуда тараптар өзара іс-қимылды ұйымдастыруды жүзеге асыратын болады.

Келісімнің қолдану саласы қылмыстарды ашу, кеден одағының кеден заңнамасы мен оның сақталуын бақылау үшін кінәлі адамдарды қылмыстық, әкімшілік жауаптылыққа тарту мақсатында Тараптардың өзара құқықтық көмегі мен өзара іс-қимылын қамтиды. Соған сәйкес, құжат бойынша ақпараттар ұсыну туралы сұрау салу, жекелеген процессуалдық іс-қимылдарды жүргізуді жолдау тәртібі нақтыланады. Осы бағыттағы бірқатар ерекшеліктер белгіленеді. Сонымен қатар, ақпарат алмасу және әдістемелік көмек көрсету тәртібі де регламенттеледі.

Соңғы жаңалықтар