+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Мәжіліс Қазақстан мен Ресейдің әскери ынтымақтастығына қатысты құжатты қарайды

2021 жылғы 16 маусым 11:18
Бөлісіңіз:
Мәжіліс Қазақстан мен Ресейдің әскери ынтымақтастығына қатысты құжатты қарайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери ынтымақтастық туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша талқылауды бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мәжіліс депутатына құрылыс материалдарының қымбаттауынан туындаған проблемалар айтылды - Қарағанды Қазақстандық әскери дәрігерлер АҚШ мамандарымен бірге бітімгершілік миссияға дайындық өткізді Якутиядағы сұрапыл өрт бірнеше елді мекенге таяп қалды

Аталған шарт 2020 жылы 16 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында жасалды.

«Шартта мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде әскерлерді қолдануды бірлесіп жоспарлауда және өңірлік қауіпсіздікке төнетін сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы іс-қимыл жасауда әскери ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ тараптардың әскери ынтымақтастығының басқа да бағыттары бойынша өзара іс-қимыл жасау көзделіп отыр. Комитет осы заң жобасы бойынша 2021 жылғы 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы, депутат Айгүл Құспан палатаның жалпы отырысында.

Сонымен қатар палата депутаттары «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен байланыс жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарайтын болады. Бұл келісім 2020 жылы 29 мамырда жасалды.

«Келісімге сәйкес тараптар құжатқа қатысушы мемлекеттердің қарулы күштері арасындағы өзара іс-қимылды дамыту мақсатында ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен байланыс жүйесін құрады. Комитет осы заң жобасы бойынша 2021 жылғы 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Айгүл Құспан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT