Мәжіліс Қазақстан мен Ресей арасындағы реадмиссия туралы келісімді мақұлдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасын ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Екі ел арасындағы келісімге 2012 жылы 7 маусымда Астанада Қазақстанның Ішкі істер министрі мен Ресейдің Федералдық көші-қон қызметінің директоры қол қойған. Құжат екі мемлекеттің аумағына кіру және онда болу шарттарын бұзған адамдарды анықтауды және қайтаруды көзейді. Бұл санатқа еліміздің аумағына заңсыз немесе заңды жолмен, бірақ рұқсатының мерзімі өтіп кеткен адамдар жатады.

«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Ресей Федералдық көші-қон қызметі осы келісімді жүзеге асыратын құзіретті органдар болып табылады»,-деді Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жолданады.

Соңғы жаңалықтар