Мәжіліс Қазақстан мен Чехия арасындағы инвестицияларды көтермелеу туралы келісімге енгізілген өзгерістерді мақұлдады

None
None
АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Хаттамамен енгізілетін өзгерістер негізінен нақтылаушы сипатта болып табылады және Чехияның Еуропалық одаққа, ал Қазақстанның Кеден одағына кіруіне байланысты болып отыр. Бұл ретте, тараптардың әрқайсысы өзге тараптың міндеттемесін өздері мүше болып табылатын кеден одағына, экономикалық немесе валюталық одаққа, ортақ нарыққа немесе еркін сауда аймағына қатысты халықаралық шарттан туындайтын міндеттемелердің кіретініне келісім білдіреді.

Келісімнің 8-бабы инвесторларға инвестициялау жүзеге асырылатын мемлекеттің құзыретті соттарына өтініш жасау құқығын беретін нормамен толықтырылған.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Сенатқа жолданады.

Соңғы жаңалықтар