+7 (701) 759 90 19
USD 376.16 EUR 406.18
RUB 5.90 CNY 53.60
Jańalyqtar

Мәжіліс Қазақстан мен Бразилия арасындағы құқықтық көмек құжатын мақұлдады

2020 жылғы 22 қаңтар 12:35
Бөлісіңіз:
Мәжіліс Қазақстан мен Бразилия арасындағы құқықтық көмек құжатын мақұлдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан мен Бразилия арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан мен Өзбекстан арасында еңбекші мигранттардың құқықтарын қорғау тәртібі айқындалды Мәжіліс АҚШ-тағы Қазақстан азаматтарының мүддесін қорғайтын құжатты мақұлдады Қазақстанда малға қажетті биопрепараттардың сапасын бақылайтын мекеме құру ұсынылды

Шартқа 2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласында қол қойылды. Бұл халықаралық құжатқа екі ел арасында қылмыстық сала бойынша құқықтық көмектің негіздері, тәртібі және басқа да қадамдар көзделген. Шартта күдікті мен айыпталушының кінәсін дәлелдеу үшін қажетті тергеу амалдарын жүргізу жолдары, өзара құқықтық көмек көрсету тәртібі мен жағдайлары, тиісті сараптамалар жүргізу, айғақтар алу мен беттестіру жүргізу, қылмыстық активтерге тыйым салу және оларды елге қайтару ескерілген.

«Көмек көрсетуден бас тарту негіздері бекітілген. Жалпы, үлгілі негізде жасалған. Мұндай шарт 29 елмен бекітілді, оның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Болгария бар. Сонымен қатар басқа да мемлекеттермен аталған шартқа қол қоюды қарастырып жатырмыз», - деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов.

Бұдан бұрын хабарланғандай , жалпы отырыста палата депутаттары «Қазақстан мен Бразилия арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Шарт іздеуде жүрген адамдарды қылмыстық жауапқа тарту және сот үкімін орындау үшін экстрадициялау мәселелерін шешеді.

«Егер адам Қазақстанда қылмыс жасап, Бразилияда жасырынып жүрсе, ол қамауға алынады және Қазақстанға ұстап беріледі. Дәл осылайша қылмыскер елімізде жасырынып жүрсе, біз Бразиялия тарапына адамды экстрадициялауға міндетті боламыз. Құжатта ұстап беру және одан бас тарту негіздері бекітілген», - деді М. Ахметжанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT