Мәжіліс Қазақстан мен Болгария арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты мақұлдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Екі ел арасындағы шартқа 2014 жылдың 14 қарашасында София қаласында қол қойылды. Бұл ретте келісім өзара құқықтық көмекке қатысты құжаттарды тапсыру, дәлелдемелерді жинау және беру, куә мен сарапшыны шақыру тәртібін реттейді. Сонымен қатар, құжат аясында тараптардың тінту мен тәркілеу, сараптамалар жасау, жәбірленушіні, күдіктіні, куәгерлер мен сарапшыларды сұрау, құжаттар мен нысандарды беру шаралары да қамтылады.

Екі ел арасындағы шартқа сәйкес, сұрау салынған тарап бірқатар жағдайлар бойынша сұрау салынған құқықтық көмектер көрсетуден толығымен немесе ішінара бас тарта алады. Атап айтқанда, ондай құқықтық көмек көрсету сол елдің заңнамасына немесе осы шарттың ережелеріне қайшы келсе; егер өтініш жасалған қылмыс сұрау салынған тараптың заңнамасымен жазаға тартуға тыйым салынатын қылмыс болып табылса, онда көмектен бас тартылуы мүмкін.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Сенатқа жолданады.

Соңғы жаңалықтар