Мәжіліс Қазақстан мен БАӘ-нің басым салалардағы жобаларға қатысты құжатты талқылайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісі «ҚР Үкіметі мен БАӘ Үкіметінің басым салалардағы жобаларды дамытуға арналған ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік құру туралы бірлескен декларациясын ратификациялау туралы» заң жобасын қарайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін палатаның жалпы отырысында Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы, депутат Альберт Рау аталған құжат энергетика мен көлік-логистикалық, ауыл шаруашылығы салаларына тікелей шетел инвестициясын тартуға бағытталғанын атап өтті.

«Комитет аталған заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Альберт Рау.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Парламентінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов Біріккен Араб Әмірліктерімен инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға қатысты пікір білдірді.

Д епутат электр энергетикасы инвестициялық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі болып саналатын Біріккен Араб Әмірліктерімен үкіметаралық келісім Қазақстан үшін үлкен басымдықтарды қамтитынын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар