+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Мәжіліс Қазақстан мен АҚШ арасындағы әуе қатынасы жөніндегі құжатты қарайды

2021 жылғы 23 маусым 10:28
Бөлісіңіз:
Мәжіліс Қазақстан мен АҚШ арасындағы әуе қатынасы жөніндегі құжатты қарайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келiсiмді ратификациялау туралы» заң жобасын қарайтын болады. Бұл туралы палатаның жалпы отырысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
АҚШ-та 4 миллионнан астам бала коронавируспен ауырған Мәжіліс депутаттары төтенше жағдай жарияланған ауылдарға барды - Қызылорда облысы

«Заң жобасы «ашық аспан» ұстанымдарын қарастырады. Оның аясында тараптар әуе көлігі сапарларын тасымалдаушылар саны, рейстер жиіліктері бойынша шектеусіз орындай алады. Бұл келісім сыртқы көліктік қол жетімдікті арттыруға, халықаралық әуе бағдарлардың географиясын кеңейтуге ықпал етеді», - деді Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы, депутат Альберт Рау.

Осы орайда депутат палата комитеті аталған заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын екенін атап өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT