Мәжіліс қарашаның 9-ына дейін алдағы 2011-2013 жылдарға арналған бюджет жобасына қорытынды әзірлейді

None
None
А. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитеті қарашаның 9-ына дейін «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына қорытынды әзірлейтін болады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Комитет төрайымы Гүлжан Қарағұсова мәлім етті.

Естеріңізге сала кетейік, Үкімет мақұлдаған бюджет жобасына сәйкес, 2011 жылы республикалық бюджетке түсетін қаржының жалпы көлемі 4 трлн. 49,5 млрд. теңге шамасында болжанған. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда, 671,1 млрд. теңгеге артық немесе 20 пайызға көп. Ал бюджет шығыстарына келетін болсақ, 2011 жылы бұл көрсеткіш - 4 трлн. 651,9 млрд. теңге, 2012 жылы - 4 трлн. 955,6 млрд. теңге, 2013 жылы республикалық бюджеттің шығыстары 5 трлн. 161 млрд. теңге шамасында есептелген. Болжам бойынша алдағы 2011 жылы түсімдер 2 трлн. 636,9 млрд. теңгені құрайды. Бұл осы жылмен салыстырғанда, 799,4 млрд. теңгеге артық көрсеткіш.

Соендай-ақ, Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті «ҚР Ұлттық қорынан 2011-2013 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасына және «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2011-2013 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заң жобалары бойынша да қарашаның 9-ына дейін қорытынды әзірлейтін болады.

Соңғы жаңалықтар