Мәжіліс Қанат Бозымбаевтың Энергетика министрі болып тағайындалуына келісім берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысында Қанат Бозымбаевтың кандидатурасы ҚР Энергетика министрі лауазымына келісілді.

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 22-1 бабына сәйкес аталған мәселе Комитет отырысында қарастырылды.

Қазақстан Үкімет басшысының тапсырмасымен Қанат Бозымбаевтың кандидатурасын ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің басшысы Нұрлан Алдабергенов таныстырды.

Соңғы жаңалықтар