Мәжіліс Энергетика министрі лауазымына Мағзұм Мырзағалиевтің кандидатурасын мақұлдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаттары Энергетика министрі қызметіне Мағзұм Мырзағалиевтің кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжіліс Энергетика министрінің кандидатурасын мақұлдады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысында Мағзұм Мырзағалиевті Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындау туралы ұсыныс қолдау тапты. Ұсыныс «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 22-1-бабы бойынша қаралған болатын. Кандидатты ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша кеңсе басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды», - деп жазады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындау үшін Мағзұм Мырзағалиевтің кандидатурасын ұсыну мүмкіндігі туралы комитеттің қорытындысы қабылданды.


Соңғы жаңалықтар