Мәжіліс депутаты жеткіншектерді балабақшаға орналастыруға берілетін параның көлемін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы жанындағы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің мүшесі, Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова жеткіншектерді балабақшаға орналастыру үшін берілетін параның мөлшері жайында айтып берді.

«Балабақшалардағы орындардың жетіспеуі сыбайлас жемқорлық үшін қолайлы жағдай туғызады. Балабақшаға орналастырудың құны белгілі болды, яғни өңірлерге байланысты оның сомасы 30 мыңнан 100 мың теңгеге дейін жетеді», - деді депутат.

Сонымен қатар ол мектепке дейінгі мекемелердің көбінде білікті кадрлардың тапшылығы байқалып отырғандығын атап өтті. Барша өңірде бұл мекемелердегі педагогтардың 40 пайыздан астамында базалық білімі жоқ.

«Елімізде кадрлардың тапшылығы ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепке дейін білім беру мамандарын оқыту бойынша мемлекеттік тапсырысты қарастырмағандығынан орын алып отыр. Бүгінде Қазақстанда тек Алматы, Қарағанды және Семейдегі үш оқу орны ғана бұл саланың мамандарын оқытып шығаруда. Ал бұл өз кезегінде жылына тек 60 адамды ғана қамтиды. ҚР БҒМ өз қызметінде бұл мәселеге айрықша мән беруі керек», - деді М. Қазбекова.

Соңғы жаңалықтар