Мәжіліс депутаты Жетісу мемлекеттік университетінің ұжымымен кездесті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әбдіманап Бектұрғанов Жетісу мемлекеттік университетінде ұстаздар қауымымен кездесті.

Басқосу барысында Президент жолдауында айқындалған мақсат, міндеттер мен «Педагог мәртебесі туралы» заңның ерекшеліктері талқыланды. Ондағы өзгерістер еліміздегі 500 мыңнан астам ұстаздың әлеуметтік және материалдық мәселесін шешуге сеп болмақ.

«Мұғалімдердің дәрежесі төмендеп бара жатыр. Мысалы, ата-ана да, бала да дөрекі сөздер айтып мұғалімдері балағаттап жатыр. Осындай оқиға болмас үшін Әкімшілік кодекске депутаттардың ұсынысымен әкімшілік жазаға тарту мәселесін қарастырдық. Онда бұл кәмелетке толмаған 12-14 жастағы балалар болатын болса, оның ата-аналарын, заңды тұлғаларын жауапқа тарту мәселесі де бар», - деді Ә.Бектұрғанов.


Сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарының өңірлердегі сапары аясында бүгін Әбдіманап Бектұрғанов Талдықорған қаласындағы №28 ІТ мектеп ұжымымен кездесіп, білім ордасының қызметімен танысты. Ұстаздар қауымы депуттатқа мектептің жетістігін таныстырып, партия бастамасымен ашылған ІТ сыныптағы сабақ барысын көрсетті.


Соңғы жаңалықтар