Мәжіліс депутаты тұрғындарды қабылдады - Батыс Қазақстан облысы

None
None
ОРАЛ. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Николай Турецкий жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысында болды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдымен Жайық өзенінің қазіргі қиын ахуалын өз көзімен көріп қайтқан халық қалаулысы, заңнамалар және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитет мүшесі Орал қаласында облыстық сот, сот әкімшісі, БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті және облыстық ішкі істер департаментінде болып, ондағы жұмыс барысымен танысты. Депутат сыбайлас жемқорлықпен күрестің жай-күйіне, Орал қаласындағы балаларды уақытша бейімдеу орталығын, ондағы мектепті күрделі жөндеу керектігіне зер салды. Содан кейін «Нұр Отан» ХДП  БҚО филиалының қабылдау бөлмесінде тұрғындарды қабылдады. Шағыммен келгендердің негізгі мәселесі сот шешімдерінің орындалмауына қатысты болды. Депутат бұл мәселелердің шешілуіне қолұшын беретінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар