Мәжіліс депутаты төлебилік кәсіпкерлермен кездесті

None
None
ЛЕҢГІР. ҚазАқпарат – Бүгін Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Уәлихан Қайназаров Төлеби ауданына арнайы іс-сапармен келді. Халық қалаулысы аудандық кәсіпкерлік мектебінің ғимаратында кәсіпкерлермен және жергілікті тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Депутат өз сөзінде кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту, кәсіпкерлерге арналған жеңілдіктер туралы айтып өтті. Сонымен қатар, қатысушылардан жұмыс барысында кездесіп жатқан түйткілді мәселелер жөнінде сұрап, кейбір мемлекеттік бағдарламаларды өзгертуге немесе жаңадан енгізуге болатын ұсыныстарды айтуын сұрады.

Кәсіпкерлер тарапынан жұмыс барысында жұмыс күшінің аздығы, ауыл шаруашылығындағы кейбір бағдарламаларды қайта қарап, өңдеулер енгізілсе, шағын шаруа қожалықтары кооперативтерге бірігіп жұмыстар атқарылса деп өз ойларын жеткізді. Айтылған мәселелерді мұқият тыңдаған ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Уәлихан Қайназаров кәсібін дөңгелетіп жүрген азаматтардың өтініш-тілектерін тиісті орындарға жеткізетінін айтты.

Айта кетейік, бүгінде Төлеби ауданында демалыс орындары көптеп ашылып, туризм саласы қарқынды дамып келеді. Аудандағы кәсіпкерлер сондай-ақ, мал басын көбейтуді қолға алған. Нәтижесінде ет және сүн өнімдері шығарылып, алыс-жақын қалалар мен шетелдерге саудалануда. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулардың арқасында ауыл шаруашылығы саласы дамып, егістіктерден мол өнім алынуда.

Соңғы жаңалықтар