Мәжіліс депутаты ШҚО құтқарушыларының су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаты Зарина Камасова Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келіп, құтқарушыларының су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжілісмен Төтенше жағдайлар департаментінде болып, жеке құрам мен техниканың су тасқыны кезеңіне дайындығымен танысты. Жағдай күрделеніп кетсе жеке құрамнан 1524 адам, 838 техника, 179 мотопомпа және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары дайын тұр.

«Қажет болған жағдайда тұрғындарды уақытша орналастыру үшін 111 пункт дайындалды. Онда 11,9 мың адам сыяды. Зарина Камасова ТЖД базасындағы дағдарыс орталығының жұмысын көрді. Бұл орталықта тәулік бойы өңірдегі жағдайға мониторинг жасау штабы, күштер мен құралдарды басқару орталығы құрылған», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Содан кейін Мәжіліс депутаты Алтай ауданы Бұқтырма өзенінің бойында орналасқан елді мекендерге барды. Мұнда су тасқыны қаупі жоғары 12 учаске бар.

Зарина Камасова құтқарушыларға көмекке келген ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінің қызметшілерімен кездесті. Қазіргі уақытта олар өзендер деңгейіне мониторинг жүргізіп, арықтарды тазалап жатыр.


Соңғы жаңалықтар