Мәжіліс депутаты Шардарадағы құлпынай шаруашылығымен танысты

None
None
ШАРДАРА. ҚазАқпарат – Түркістан облысына арнайы сапармен келген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Құдайберген Ержан Шардара ауданында барып, тұрғындармен кездесті. Халық қалаулысы қаладағы балық зауытында болып, кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпы, жылына 600 тонна балық өндіруге мүмкіндігі бар бұл зауыттың жобалық құны 300 млн теңгені құрайды.Оның дайын өнімдері елімізбен қатар алы-жақын шетелдерге саудалануа. Депутат сонымен қатар биылғы жылы қолға алынған құлпынай шаруашылығында да болды. Кәсіпорын биыл таңсық өнім құлпынайды өндіруді қолға алып отыр. Серіктестік диқандары алдағы уақытта гектар түсімін 4 тоннаға көбейтуді жоспарлауда.

Құдайберген Төлепұлы ауданда жаңадан салынып жатқан 160 орындық екі қабатты емхана құрылысымен де танысты. Заманауи үлгіде бой көтеріп жатқан бұл ғимарат келер жылы ел игіліне берілмек. Ақ халаттылармен кездескен Мәжіліс депутаты олармен ашық пікір алмасты. Мәселелерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

Кездесуде аудандық аурухананың бас дәрігері Нұрғали Молдаханов медицина саласы бойынша біршама мамандар жетіспейтінін айтты. Бас дәрігердің өтінішіне құлақ түрген халық қалаулысы осы қажеттіліктерді жазбаша хатпен беруін айтып, оң шешілуіне ықрал ететінін жеткізді.

Мәжіліс депутаты Құдайберген Ержан бұдан басқа да бірқатар нысандарды аралады. Аудан әкімдігінде азаматтармен жеке қабылдау өткізді.

Соңғы жаңалықтар