Мәжіліс депутаты Серік Үмбетов талдықорғандықтармен кездесті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты іссапармен Алматы облысына келді. Халық қалаулысы Талдықорған қаласында ардагерлер үйінде болып, қарттармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Серік Үмбетов Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының маңыздылығына тоқталып, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын баяндады.

Мәжіліс депутаты Алматы облысының қарқынды дамуын тілге тиек етіп, өңірде атқарылып жатқан игі істерді тізбектеп берді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмалары жүзеге асырылып жатқанын сөз еткен депутат мұның бәрі елдегі береке-бірліктің, қажырлы еңбектің жемісі деген бағасын берді. Серік Үмбетов облыста болып жатқан жағымды жаңалықтарды қалт жібермейтінін айтып, аға буынмен емін-еркін әңгімелесіп қайтты. Депутат «Ай түнде керек болса, ақыл күнде керек» деген халық даналығын алға тартып, ақсақалдармен жүздесіп, пікір-алмасып қайтуды дәстүрге айналдырғанын жасырмады.

 

Соңғы жаңалықтар