Мәжіліс депутаты: Президент Жолдауы халықтың мұң-мұқтажына негізделген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Халық қалаулылары Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының басты басымдықтарын талқылады.

3 қаңтардан бері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары өңірлерде сайлаушыларымен кездесуде.

«3 қаңтардан бері алматылықтармен кездесулер өткіздік. Мұғалімдер, қоғам қайраткерлері, ата-аналар комитетінің өкілдерін зейнетақымен қамту, білім беру саласын жаңғырту мәселелері алаңдатып отыр. Халық көтерген мәселелердің барлығы Елбасының жолдауында айтылды», - деді ҚХА мүшелерімен кездесуде Парламент Мәжілісінің депутаты Шаймардан Нұрымов.

4 қыркүйек-29 желтоқсан аралығында Мәжілісте тұрақты комитеттердің 135 отырысы өтіп, заң жобасы бойынша 369 жоба қарастырылды.

78 заң жобасы қаралды, олардың 24-і алдыңғы сессиядан қалған. 54 заң жобасы 3 айда түскен.

8 заң жобасын Мәжіліс депутаттары ұсынған.

Осы аралықта 22 заң жобасына Мемлекет басшысы қол қойды.

«Елбасының әр Жолдауы халықтың мұң-мұқтажын көтереді. Мәселен қиын экономикалық ахуал жағдайында әскери азаматтардың жағдайын жасауға миллиардтаған ақша бөлініп отыр. 1 қаңтардан бастап әскери қызметкерлерді баспанамен қамту туралы заң күшіне енді»,- деді Шаймардан Нұрымов.

Сонымен қатар депутат жұмыс топтарының қызметі туралы да айта кетті.

Айта кету керек, кеше ҚР Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Жолдауын жариялаған болатын.

Соңғы жаңалықтар