Мәжіліс депутаты онкологияға шалдыққандарды емдеу жүйесін өзгертуді ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаты Дания Еспаева «Ақ жол» партиясы фракциясынан жолданған сауалда онкологиялық ауруларды емдеу жүйесін қайта құруды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанда онкологиялық аурулар бойынша диспансерлік есепте 187 мың адам тұр. Төтенше жағдай кезінде тәуекел тобындағы пациенттерге медициналық мекемеге келмеуге кеңес берілді, ал дәрі-дәрмек олардың үйлеріне жеткізілуі тиіс болатын.

Осы орайда ол әлеуметтік желілерде медицина саласы коронавирус індетімен күреске жұмылдырылған кезде онкологиялық ауруға шалдыққан адамдардың оқиғалары көптеп тарағанын айтты.

«Олар қажетті көмек алмады, яғни анализ алып, дәрі-дәрмек преператтарымен қамтамасыз етуі тиіс емханалар жабық болды. Осы тұрғыда онкологиялық ауруларда медициналық препараттарды алуда қиындықтар байқалды», - деді Д. Еспаева.

Депутаттық сауалда қажетті препаратпен қамтамасыз етудегі«СҚ-Фармацияның» кемшіліктері аталып өтті.

«Біздіңше, препаратпен тоқтаусыз қамтамасыз ету жағдайына карантин емес, жылдар бойы шеттегі байқаушы ретіндегі қалыптасқан Денсаулық сақтау министрлігінің позициясы, сондай-ақ «СҚ-Фармация» айналасындағы сыбайлас жемқорлық даулары әсер етті», - деді Д. Еспаева.

Осы орайда ол «Ақ жол» фракциясының депутаттары осыған дейін бернеше мәрте бұл ұйымдағы жемқорлық жағдайын қатысты Үкімет пен Бас прокуратураға депутаттық сауал жолдағанын еске салды.

Аталған мәселелерді ескере отырып, депутат бірқатар ұсынысты жариялады. Бұл тұрғыда онкологиялық ауруларды емдеуді ұйымдастыру жүйесін қайта жасап, карантин кезінде оларға қатысты ем-домды үзбей, бақылау жүргізу бастамасы көтерілді.

Сонымен қатар COVID 19-дан қорғану шараларын қамтамасыз етіп, жоспарлы емдеуді қарастыру, препараттың жеткілікті көлемін қамту қажеттігі айтылды.


Соңғы жаңалықтар