Мәжіліс депутаты О. Өксікбаев Алматы облысында бірқатар кездесулер өткізді

None
None
АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев Алматы облысында сайлаушылармен бірқатар кездесулер өткізді. Кездесулерінің басты тақырыбы - Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттер болып отыр. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда, Алматы облысының Сарқан ауданы Лепсі ауылдық учаскелік ауруханасының, мәдениет үйінің және ауылдық орман шаруашылығының қызметкерлерімен жүздесті. Жүздесу барысында халық қалаулысы Лепсі ауылының аймағындағы Балқаш көлінің жағалауында туризм және демалыс саласын дамыту бағдарламасының негізгі бағыттармен танысты. Сонымен қатар, өз кезегінде Лепсі ауылының тұрғындары көпшілікті толғандыратын мәселелер төңірегінде сауалдар қойып, нақты жауап алды.

Бұдан бөлек, депутат Алматы қаласы Алатау ауданының мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында және Қарасу ықшам ауданында болып, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының қатысушыларымен кездесті.

«Біз барлық күшімізді Отанымыздың игілігі үшін біріктіруге тиіспіз. Біздің алдымызда үлкен істер күтіп тұр. Осы бағытта Елбасы бізге зор міндеттер жүктеді. Сонымен қатар елдің бірлігін нығайтуға, ұлтаралық татулықты сақтауға, халық игілігі үшін аянбай еңбек етуге біз баршамыз жұмылуға тиіспіз», - деді депутат О. Өксікбаев.

Соңғы жаңалықтар