Мәжіліс депутаты Н. Жазылбеков Алматы поштасының ахуалымен танысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақжол» фракциясының мүшесі Нұрлан Жазылбеков «Қазпошта» АҚ Алматы филиалында болды.

«Жақында Мәжілісте Қазпоштаның жұмысы жайлы заң жобасы қаралды. Қазпошта Халықаралық пошта байланысы одағының талабына сәйкес болуы үшін бас оператор ұлттық емес, тағайындалған оператор мәртебесін алды. Ендігі кезекте Қазпоштамен кез келген пошта байланысы бәсекеге түсе алады. Алматы поштасының жұмысы қаншалықты өзекті, нарық стандарттарына сәйкесе ала ма? Бүгін осы мәселелерге көз жеткізуді мақсат тұтып отырмын»,- деді депутат.

Жазылбековтің айтуынша, пошта саласында қызметкерлердің мәртебесін жоғарылату, жалақысын көтеру сияқты шешімін күтіп тұрған мәселелер баршылық.

«Күзде заң жобасы қайта қаралады. Сол кезде осы проблемалардың бәрі жан-жақты талқыланатын болады», - деді депутат.

Пошта байланысы мұражайымен, жеткізу бөлімі, операциялық блок жұмысымен танысқан соң ол пошта ұжымына «Қазақстан - 2050» стратегиясын жан-жақты түсіндірді.

«Алматы поштасы үнемі Парламент депутаттарының назарында. Жақында «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері де келіп кетті. Өйткені, біздің филиалдың өзі ҚР Президенті стратегиясын жүзеге асыруда ауқымды жұмыстар атқаруда. Халықтың жағдайын жеңілдету үшін қызмет көрсетудің сапасын арттыруда. Заң шығару билігі пошта қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелеріне үнемі көңіл бөліп отырады», - дейді филиал директоры Бекжігіт Бекбердиев.

Соңғы жаңалықтар