Мәжіліс депутаты Қазақстан халқына ант берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғани Хамзин Қазақстан халқы алдында ант берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін біздің қатарымызға тағы бір депутат қосылып отыр. «Ақ жол» партиясының тізімі бойынша Ғани Болатұлы Хамзин Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Мәжіліс депутаты ретінде тіркелді. Осыған байланысты Конституциямыздың 51-бабының 6-тармағына сәйкес Парламенттің депутаты Қазақстан халқына ант береді», - деді бүгін Мәжілістің жалпы отырысын ашқан төменгі палата спикері Нұрлан Нығматулин.

Осыдан кейін Конституцияға сәйкес депутат ел алдында ант берді.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерді адал атқаруға ант етемін»,- деді Ғани Хамзин.


Соңғы жаңалықтар