Мәжіліс депутаты қаңтар оқиғасы бойынша қамауда отырғандардың жағдайын көрді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Унжакова Өскемен қаласындағы тергеу изоляторында болып, қаңтар оқиғасына қатысқан адамдарды ұстау жағдайын көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәжіліс депутаты департамент басшысы Жанболат Кәлетаевпен бірге қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқандардың отырған жерлерін аралап шықты. Мұнда қазір аталған оқиға бойынша 15 адам қамауда. Ирина Унжакова тергеудегі және қамауға алынғандардың құқықтарының сақталу деңгейімен танысып, бірнешеуімен әңгімелесті», - деп хабарлады ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінен.

Күдіктілер мен айыпталушылар депутатқа өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Сондай-ақ, изоляторда қандай да бір азаптау фактілерінің жоқтығын айтты.

Естеріңізге сала кетсек, Өскемен және Семей қалаларында қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке қатысу, билік өкілдеріне қарсы күш қолдану, оқ-дәрілерді, есірткі құралдарын заңсыз сақтау, арнайы техниканы айдап әкету, терроризм актілері күдігімен 130 адам ұсталған болатын.


Фото: parlam.kz

Соңғы жаңалықтар