Мәжіліс депутаты Қ. Сұлтанов шекаралық аймақтағы сайлаушылармен жүздесті

None
None
АСТАНА. 15 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП» фракциясының мүшесі Қуаныш Сұлтанов Алматы облысының шекаралық аймағы - Панфилов ауданының сайлаушыларымен кездесті.

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Сапар аясында Мәжіліс депутаты аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан тұрғындарымен кездесу өткізіп, сайлаушыларға Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан және «Нұр Отан» ХДП-ның «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» тұғырнамасынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру барысын түсіндіріп берді.

Бұдан бөлек, депутат Жаркент крахмал-сірне зауытында, полипропилен қап зауытында болып, кәсіпорындар ұжымымен кездесті, жұмысшылар мен жергілікті тұрғындардың тұрмыс-жағдайларымен танысты. Бұдан бөлек, «Беширов» шаруа қожалығында болып, егістік алқабындағы шаруалармен жүздесіп Астананың 15 жылдық мерейтойында «Астана - Қазақстанның ұлы дәуірі және стратегиялық векторы» деген тақырыппен сөйлеген Елбасы мақаласы жайына да тоқталып өтті.

Соңғы жаңалықтар