Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских Мөлдір есімді қызылордалық қызбен отау құрды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских отау құрып жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Парламенттегі ең жас депутат Геннадийдің таңдаған жарының есімі - Мөлдір. Екі жастың тойы Қызылорда қаласындағы «Орда» мейрамханасында басталып жатыр.

Геннадийді ата-анасы мен отбасындағылар Алтынбек деп атайды. Ол қазақ тілінде еш мүдірмей сөйлейді . Өзінің айтуынша, тіпті қазақша ойлайтын көрінеді. Бұл жолы ата-анасы Мұрат пен Баян Геннадийге қалыңдықты қазақы дәстүрмен құда түсіп, әперіпті.

Соңғы жаңалықтар